Чашка и ложка для обряда кыркынан шыгару
Шілдехана кешінен кейінгі қуаныш кеші – баланы қырқынан шығару. 20-30 күн өтіп, буындары аздап та болса қатайғанша, нәрестені өз анасы мен әжесінен басқа адам ұстамаған, шомылдырмаған. Және сәбиді қырқынан шығармайынша, қолына алып жұбатқанымен, үлкен қарт кісілер оның бетінен сүймеген. Мұсылмандардың түсінігі бойынша қырқынан шығарғаннан кейін ғана баланың тәні тазарады-мыс. Баланы толық қырық күннен кейін ғана шығару міндетті түрде емес. Ұлды отыз күнге жеткізбей шығару керек екен. Өйткені, халықтың қамын ойлайтын ер-азамат ерте өсіп, жігіт болуы керек. Қырқынан ұзақ уақыт шықпаса ынжық, отбасынан ары бармайтын ұсақ адам болып қалуы мүмкін деген ырым бар. Қызды 30 күннен асырып, кейде 40 күнді толтырып шығарған. Ерте шығарса жеңілтек, қыдырымпаз болады, ал әйел бала байсалды болуы керек. отбасының берекесі, ақылшысы деп қыздың ойлы, салмақты, ақылды болуын армандағандықтан осындай ырымдарды жасаған.